Что такое соз жумбак
СӨЗЖҰМБАҚТАР ШЕШЕЙІК! БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН
«Әулиеағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН
Мухтарханова Бакыткул Диханбаевна
Бұл сөзжұмбақтар жинағы жалпы орта білім беретін мектептен алған білімін кеңейтуде тіл теориясынан оқығанын талқылай білуге, өзінің алған әсерін, сезімін, ойы мен пікірін жеткізе алатын оқушылар деңгейіне арнап құрастырылды. Оқушылар өз ойын ауызша және жазбаша тілде жеткізіп, тәжірибеде жете қолдана білу. Қоршаған ортаның, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, ана тілінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдеріне дайын дидактикалық материал ретінде пайдалануға өте ыңғайлы. Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстар ескеріледі.
Бірлесіп сөзжұмбақ шешейік!
1
Сөзжұмбақтар
Қостанай ауданы,
Мичурин ОМ
9- сынып оқушысы
Жуманазарова Аида
Сөзжұмбақ «Әріптерді қосып оқыңдар»
Төмендегі суреттің сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Ол не деген жұмбақ? Шешуі не?
Жасырынған жұмбақ шумақ:
Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық.
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.
(Шешуі: кітап)
«Кім тауып оқи алар екен?»
Келтірілген сызықтарға ел-халық туралы сегіз мақал жазылған. Сызық бойымен сызғышты жүргізе отырып, сол мақалдарды тауып кім оқи алар екен? (Қосу белгісі нүкте орнына жүреді)
1. Берекелі жерден мереке кетпес.
2. Халық айтпайды, халық айтса, қалт айтпайды.
3. Адассаң елмен адас.
4. Елде түлкі аштан өлмес.
5. Кеңес қылған азбас, кеңінен пішкен тон тозбас.
7. Ел іші – алтын бесік.
8. Орыс бар жерде қоныс бар.
Жасырынған сөз
Төменде берілген сөздерден туынды сын есім жасап, шақпақты толтырып жазыңдар. Егер тиісті жұрнақтарын дұрыс қолданып жазып шықсаңдар, сарымен сызылған жолды тігінен оқығанда грамматикалық бір терминнің аты шығады.
1. Ағаш.
2. Айт.
3. Жаса.
4. Сөз.
5. Бәкі.
6. Кең.
7. Бүр
Тігінен оқығанда «Сын есім»
Сөзжұмбақ
Төменде берілген жұмбақтардың жауабын таба отырып, кестеге орналастырсаңдар, тігінен оқығанда грамматикалық бір терминнің аты шығады.
Жауаптары:
1. Тұқым
2. Қоян
3. Балық
4. Шатыр
5. Қазан
6. Үстел
7. Қайық
8. Тауық
9. Тырна
10.Бұршақ
Тігінен оқығанда «Толықтауыш»
Логикалық-Әзіл жұмбақтар
Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
тұрса қанша кг?
(3 кг)
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
нәрсе?
(Есіміміз)
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)
Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын
шашын тарайды екен, неге?
(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды
екен)
Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)
Мені ешкім түсінбейді, неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан
кейін үш аяқты ол не?
(Адам)
Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)
Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)
Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты
ашуланады?
(Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп
қойған кезде)
Суды елекпен қалай тасуға болады?
(мұз қылып қатырып)
Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы
көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді?
(Сөздікте)
Итпен биттің айырмашылығы неде?
(Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің
үстінде ит болмайды.)
Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
машинаны бір қолымен кім тоқтата
алады?
(Жол полициясы)
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
(Ұзынағашта)
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе
өліп жатыр?
(Сіріңке)
Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін
сөндірсек қаншауы қалады?
Үшеуі қалады, қалғандары жанып,
таусылып жоқ болады
Үйдің ең суық жері?
(Сырты)
Электровоздың түтіні батысқа қарай
созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай
жүріп жатыр?
(Электровоздың түтіні болмайды)
Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
(Запастағы дөңгелек)
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
(Алма ағашында)
Елімізде талдармен жасалған қорған қай
қалада?
(Талдықорғанда)
Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?
(Басы ең үлкен адам)
Қай сұраққа болымды жауап берілмейді?
(Ұйықтап жатсың ба?)
Есікті ашу үшін не қажет?
(Есіктің жабық болуы қажет)
Теңіздің ортасында не бар?
(“ң” әріпі)
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай
шығады?
(Үсті су болып шығады)
Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр
екен, себебі не?
(Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр
екен)
Адам нені бұзғанда қуанады?
(Рекорд)
Балықтар неліктен сөйлемейді?
(Су жұтып қоймау үшін)
Ненің көлеңкесі жоқ?
(Көлеңкенің)
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында
не бар?
(мен)
Алфавиттің ең соңғы әрібі?
(т)
Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа
ұқсайды?
(Жаңбыр астында өскендіктен)
Жеген сайын жылататын нәрсе?
(Таяқ)
Теңіздің суы неліктен тұзды?
Балықтар иістеніп кетпеуі үшін
Алма жегенде ішінен құрт көруден де
жаман не болуы мүмкін?
(Құрттың жартысын көру)
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда
екеу Астанада көп? Ол не?
(“а” әрібі)
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Жұмбақтар жауабымен
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
(Қауын-қарбыз)
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.
(Циркуль мен қарындаш)
От ішінде – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені.
(Мосы мен шәугім)
Торы тай,
Табанында төрт ай.
Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.
(Қамшы)
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.
(Дөңгелектер)
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.
(Шайнек)
Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.
(Құлып пен кілт)
Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған.
(Ақша бұлт)
Оқ жыланды аспаннан төніп келген,
Ұзын найзам жер қазбай көміп берген.
(Жайтартқыш)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.
(Сөз)
Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.
(Үтір)
Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.
(Сұрақ белгі)
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.
(Леп белгісі)
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.
(Есік)
Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған,
Аузы бар, тілі бар,
Білер көріп, ұстаған.
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді.
(Трамвай)
Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды.
(Қол)
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
(Қол)
Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.
(Қарындаш)
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.
(Түйенің өркеші)
Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ)
Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.
(Күндізгі сәулелі шам)
Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Балаларға арналған «Жұмбақтар» жинағы
Балабақшаға арналған жұмбақтар жауабымен
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.
(Циркуль мен қарындаш)
От ішінде – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені.
(Мосы мен шәугім)
Торы тай,
Табанында төрт ай.
(Таға)
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.
(Қамшы)
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.
(Дөңгелектер)
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.
(Шайнек)
Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.
(Құлып пен кілт)
Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған.
(Ақша бұлт)
Оқ жыланды аспаннан төніп келген,
Ұзын найзам жер қазбай көміп берген.
(Жайтартқыш)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.
(Сөз)
Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.
(Үтір)
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.
(Леп белгісі)
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.
(Есік)
Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған,
Аузы бар, тілі бар,
Білер көріп, ұстаған.
(Қоңырау)
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді.
(Трамвай)
Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды.
(Қол)
Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.
(Қарындаш)
Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ)
Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.
(Электр шамы)